Ірі көлемдегі есірткіні тасымалдағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

None
АҚТӨБЕ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін Қазақстанда ұсталған қырғызстандық азаматты 8 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Ақтөбе көлік прокуратурасынан хабарлағандай, 28 жастағы қырғызстандық әйел 2010 жылғы сәуірде 1629 грамм гашишпен «Теміржол» кедендік бекетінде тексеру кезінде қолға түскен болатын.

Ол есірткіні Ресейге жеткізіп, пайда таппақ болған. Қырғызстаннан таксимен Луговой стансысынан мінген. «Бішкек-Астана» пойызын «Жайсаң-Теміржол» бекетінде тексеру кезінде ұсталды.

Ақтөбе көлік прокуратурасы істі Ақтөбе облысының аймақаралық мамандандырылған сотына жіберді, мұнда сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті.