Олар аса ірі қаржы алаяқтығының алдын алуға көмектескен құлақтандырушыға 30 млн. доллар сыйақы төлеген. Бұл адамның есімі әрине, құпия сақталады. Тек оның америкалық азамат емес екені ғана белгілі. Бұл қаржылық алаяқтық жайлы әзірге хабарланбай отыр.
Еске сала кетсек, қылмысты ашуға жәрдемдесетін жасырын ақпарат берушілерді көтермелеу бағдарламасын бағалы қағаздар және биржа комиссиясы 2011 жылы бастаған болатын. Содан бері сыйақыны 14 адам иеленді.