Ірі көлік апаты аялдамада тұрған екі адамның өмірін қиып кетті - Астана

АСТАНА. Қазанның  12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордада болған көлік соқтығысы салдарынан 2 жаяу жүргінші көз жұмып, 7 адам түрлі жарақаттар алды.

Бұл туралы бүгін ІІМ-нің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жол апаты жексенбі күні сағат 16.11-де болды. Мәскеу және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында «Тойота» және «Фольксваген» көліктері соқтығысып қалып, екі көлік те үлкен екпінмен барып автобус  аялдамасын соққан.

 Апат салдарынан  аялдамада  тұрған  екі адам - 72  және 45 жастағы   әйелдер  оқиға  орнында көз жұмды. Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Оның бесеуі өз қызметтерін өтеп жүрген ішкі әскер сарбаздары болып шықты.