Ірі компаниялар қолданып отырған электрондық сауда тәжірибесін орта және шағын кәсіпорындарға да тарату керек - Н.Радостовец

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - «Ірі компаниялар қолданып отырған электрондық сауда тәжірибесін орта және шағын кәсіпорындарға да тарату керек», - деді республикалық Кен өндіруші және кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының басшысы Николай Радостовец журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, саланың бірқатар негізгі кәсіпорындары, олардың қатарында әлемдік нарықтағы Қазақстанның брэндтері болып табылатын «Қазхром», Eurasian Natural Resources Corporation, «Қазақхмыс» және т.б. кәсіпорындар бар, біртіндеп электрондық саудаға ауысып келеді. Олар өз саудаларын Интернеттегі арнайы сайттарда ұйымдастыруда және операциялардың автоматты жүргізілуінің және оған кірушілердің кеңеюінің арқасында қаржы да, уақыт та үнемдеуде.

Н. Радостовец, «кәсіпорындардың электрондық саудаға өз еріктерімен келгендерін» атап көрсетті. Дегенмен, бұл игі іске мемлекеттік бағдарламалардың аясында қолға алынып отырған «Электрондық үкімет» порталы мен «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» жүйесінің сөзсіз серпін болғанын ұмытпау керек, дейді ол.

Н.Радостовецтің пікірінше, қазіргі кездегі бірінші кезектегі міндет - электрондық сауда тәжірибелерін орта және шағын кәсіпорындарға тарату болып табылады.