Шамамен 2 ай бұрын алғашпайда болған мұнай өндірісін уақытша тоқтату келісімі жасалуы мүмкін деген сыбыстардан кейін мұнай өндіруші елдер 32 миллиард доллар пайда тауып үлгерген. Сол кезден бастап мұнай бағасы 30%-ға жуық өсті. Агенттік атап өткендей, мұнайдың қымбаттауына өзге де факторлар әсер етті.
Мысалы, Bloomberg мәліметінше, осы екі айда Ресей өз мұнайының арқасында 3,7 миллиард доллар, ал Сауд Арабиясы - 3,3 миллиард доллар пайда тапты. Дохадағы жиынға қатыспаған елдер де пайда тапты. Бұлар: қосымша миллиард доллар табысқа кенелген АҚШ және 1,5 миллиард долларды олжалаған Канада.