деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2007 жылдан бастап күшіне енген ҚР экологиялық кодекс талаптарын жүзеге асыру нәтижесінде әр өнеркәсіп орындарының өз қаржысы есебінен табиғат қорғау іс-шаралары қаржыландырылады.
«Барлық эмиссияның 80 пайыз үлесіне ие 43 ірі табиғат пайдаланушылар табиғатты қорғау іс-шараларына 139 млрд. теңге бөлді. 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы тастанды ластағыш заттардың көлемі 290 мың тоннаға азайды», дейді ол.
Департамент басшысының келтірген мәліметтеріне қарағанда, өнеркәсіп орындары қаржыны ел экологиясы мүддесіне игеруге селқостық танытуда. Аталмыш қаржы тек 60-70 пайызға ғана мақсатты жұмсалған.