«ҚазАқпарат» тілшісімен сұхбаттасқан гүл тасымалымен айналысатын «3DFlowers.kz» компаниясының бас директоры Ерік Үсинов 8 наурызда олардың құнына әсер ететін бірнеше себептерді атады.
«8 наурызда гүл бағасы шамамен 50 пайызға өседі. Оның жоғарылауы барлық тараптардан орын алады, оның тізбегін жіктеп көретін болсақ, біріншіден, осы мезгілде өндірушілер гүлдің бағасын жоғарылатып жібереді. Мысалы, ең қымбат өнім - Эквадор розалары. Католиктік мемлекеттердің нарығына шығатынына қарамастан, гүлдің ең қымбат мезгілі Валентин күнінде емес, дәл 8 наурызда болады. Голландиялық аукциондарға қатысты тіпті сөзім жоқ, онда осы кезде үлкен «ойын» қызып кетеді», - дейді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, көліктік компаниялар бағаны аспандатып жібереді. Қазіргі уақытта олар өз тарифтерін жоғарылатуда. Оның үстіне теңгенің долларға шаққандағы бағамының өзгерісі бағаға әсер еткен.
«Сондай-ақ Голландияда көптеген компаниялар жабылып қалды, дегенмен сұраныс артпаса, кеміген жоқ», - дейді Е.Үсинов.
Бүгінгі уақытта Ақмола, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында гүл өсіретін жылыжайлар бар.
Е.Үсиновтің айтуынша, компания қазақстандық тауарларды саудаламауға тырысады. «Өйткені олардың сапасы төмен және көлемі де көп емес», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, жай күндермен салыстырғанда 8 наурызда гүлдер 3-5 есеге көп сатылады. Өнім шетелден әкелінеді. Нидерландыдан лалагүл, бақытгүл, Эквадордан раушангүл жеткізіледі.