«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша тиісті жұмыстар шетелдік компаниялармен жүргізілді. Бұл тұрғыда ТШО, «Қарашығанақ», «Астана - ЭКСПО-2017», «Әбу Даби Плаза» секілді ірі жобалар қамтылды», - деді Ә.Исекешев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХVIII пленарлық отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.
Оның айтуынша, ТШО-ны кеңейту жобасы бойынша жергілікті қамту үлесін арттыруға келісіммен қол жеткізілді. Осы орайда 116 қазақстандық компаниялардың тізімі жасалған жеткізушілердің базасы құрылды. «Қарашығанақ», «ЭКСПО-2017» және «Әбу Даби Плаза» жобасы бойынша осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жергілікті өндірушілердің базасы жасалып, бірінші шарттар іске асырылып жатыр.
«Алғашқы нәтижелерге қарамастан, осы жұмыстың әлеуеті толық ашылған жоқ. Біз бұл бағыттағы шараларды инвесторлармен жалғастырып, тауарлар сертификациясына, персоналды оқытуда, өнім сапасын арттыруда көмек жасауға екпін жасаймыз. Осындай жоспарды әрбір ірі инвестормен құруды көздеп отырмыз, яғни жобалар айналасында шағын және орта индустриалды сервистік компанияларды құру жоспарда бар»,-деді министр.