Ірі жол апатын жасаған жүк көлігінің жүргізушісі тұтқынға алынды

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - - Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен сенбі күні Алматыда ірі жол апаты орын алған болған. Шығыс айналма жолымен солтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан «Dong Feng Citroen ED» жүк көлігі Глубокая көшесінің қиылысында «Тойота Камри Грация» машинасына соқтығысты,

деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

«Дегенмен жүк көлігі қозғалысын одан ары жалғастырған. Халлиулин көшесінен солтүстікке қарай, «Отау» базарына қарсы жолда ол «Мицубиси Спейс Вагон» және «Даймлер Крайслер Е 280» көліктерімен соқтысқан. Одан кейін жүк көлігі жолды бөліп тұрған тосқауылды бұзып өтіп, жолдың қарсы бетіне шығып, жиекте тұрған 8 автомобильді соққан. Көлік апаты кезінде «Мерседес Бенц 180» автомобилі жол үстіне шығып кетіп, оңтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатқан «Нисан Патрол»-мен және «ВАЗ-2106» көлігімен қақтығысқан.  Осы сұмдық апат кезінде 2 адам қаза тапты. Олар «Субару Импреза» машинасының 60 жастағы және «Мерседес Бенц 190» көлігінің 25 жастағы жүргізушілері. Олардың көліктері апат кезінде жол жиегінде тұрған. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шекен жоқ. Абырой болғанда олар жол апаты кезінде көліктерінде болған жоқ еді», - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбек.

«Dong Feng Citroen ED» жүк көлігін Талғар қаласының 30 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Аталған азаматтың айтуынша, тежегіштің тосыннан істен шығуына байланысты көлікті бірден тоқтата алмаған. Жол апатының нақты себеп-салдары тергеу және сараптама шаралары жүргізілгеннен кейін анықталады.

«Дәл осы күні Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК 296 бабы 3 бөлімінеде қарастырылған қылмыстық белгілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша оқшаулау абақтысына қамалды», - деді С.Әзірбек.