Олар ауруханаларға жеткізілді , деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эсна қаласындағы христиандық шіркеуге тиесілі жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып қалған. Апаттың негізгі себептері жайлы әзірге хабарланбады, алайда ол жүргізушілердің бірінің көлік жылдамдығын арттырғанынан болуы мүмкін, деген болжам бар.
04:06, 16 Шілде 2014
Ірі жол апатынан 16 адам қаза тауып, 30-ы зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Мысырдың оңтүстігіндегі Сафага-Кена тас жолында орын алған ірі жол-көлік оқиғасынан 16 адам қаза тауып, 30 жолаушы зардап шекті.