Ирина Юнусметова әлем чемпионатында тарихи қола медальға қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Юнусметова Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық спортшы жекелей сындағы әйелдер арасында кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден оқ атуда үздік үштіктің қатарына енді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарыс қорытындысы бойынша Ирина Юнусметова 537 ұпай еншілеп, алты серияда тиісінше 83, 95, 90, 88, 91 және 90 нәтиже көрсетті.

Алтын медальді түркиялық Шеввал Илайда Тархан (546 ұпай) алса, күміс жүлде Армения спортшысы Эльмира Карапетянға (542) бұйырды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетейік, Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 1-14 қараша аралығында өтеді.

Осыған дейін Қазақстан нысана көздеуден Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.