Бұл туралы өңірлік ІІМ Бас басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала болжамға қарағанда, Nissan Sunny жүргізушісі рульге ие бола алмай, 50 жолаушы мінген автобусқа соғылған. Қатты соққыдан автобус жолдан шығып кеткен. Ал аса жоғары жылдамдықтағы жеңіл машина кейін серпілген күйі соңында осы бағытпен келе жатқан Toyota Mark 2 втомобилінің үстіне құлаған.
Анықталғаны, жеңіл машинаның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, жолаушылар толы автобус аударылған. Әзірге қанша адамның зардап шеккені белгісіз.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.