Иркутскіде киім базары өртеніп кетті

None
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Өткен түні Иркутскіде киім базары өртеніп кетті. Жалынның аумағы 2 мың шаршы метрді құрады.

Қаза тапқандар, сондай-ақ зардап шеккендер болмағанымен, материалдық шығын кем дегенде мыңдаған рубльді құраған, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.

Құтқарушылар түні бойы тілсіз жаумен алысқан. Өрт таңғы сағат 05.00 дегенде тоқтатылды. Ал милиция қызметкерлері өмірлеріне қауіп тұрғанына қарамастан, өз заттарын өрттен алып шығуға тырысқан саудагерлерді тоқтатқан. Өрттің себеп-салдары анықталып жатыр.