Иркутскіде орман өрті бір тәулікте 31 мың гектарға ұлғайды

ИРКУТСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Иркутск облысында өрт шарпыған орман аумағы бір тәулікте 31 мың гектарға ұлғайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірлік үкіметтің баспасөз қызметі таратқанмәліметтерге қарағанда, қазір отқа оранған орман аумағы 700 мың гектарға жетіпотыр. Сенбі күнгі таңертеңгі уақыттағы мәлімет бойынша,Сібір орманының 670,3 мың гектары өрт құшағында қалған.

«11 тамыздыңтаңында жалпы аумағы 16 мың 251 гектар болатын 21 өрт сөндірілді. Жалпы102 мың 701 гектар аумақтағы 62 өртті ауыздықтай алмай отырмыз. Бұдан бөлек,бақылау аймағында 579 мың 955 гектар аумақтағы 59 орман жанып жатыр», -делінген хабарламада.

Осылайша, тілсіз жау 701,4 мың гектар ормандыжалмаған.

Иркутск облысының губернаторы СергейЛевченконың мәлімдеуінше, өртті сөндіруге 1,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

«Орманды жалға алушылардың күштері де тартылды. Бізге өткен аптада Қорғаныс және Төтенше жағдайларминистрліктері де көмектесті. Басты міндет орындалуда, яғни өрттің елдімекендерге таралуына жол бермей отырмыз. Апта бойы Ил-76 ұшағыжұмыс істеді, ол бір ұшқанда 42 тонна су шашады», - деді Левченко.

Деректерге қарағанда, 74 елді мекен түтінге тұншығыпотыр. Киренск қаласында ауадағы зиянды заттар мөлшері, атап айтқанда, күкірт диоксиді 1,04 есе, көміртегі оксиді 1,2 есе, азот диоксиді 1,1 есе артқан.

Левченконың айтуынша, жауын жаумағандықтан, өңірдіңсолтүстігінде бір айбойы өрт бәсеңдемей отыр. Иркустк облысының гидрометеорология және қоршағанортаны мониторингілеу басқармасының мәліметіне қарағанда, дүйсенбі күні жаңбыржаууы тиіс.