Иркутскіде өртке оранған театрдан 490 адам құтқарылды

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Иркутскіде қойылым жүріп жатқан драма театрының сахнасында өрт болды, 490 адамды қауіпсіз аймаққа көшіруге тура келді. Бұл туралы utro.ru газеті хабарлады.

Алаңдағы декорациялардың өртенуі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18.57-де орын алған. Құтқару қызметінің бірінші құрылымы тетрдан көрермендерді құтқарды. Атап айтқанда 490 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, олардың 40-ы театр қызметкерлері екен.

 Жалынды ауыздықтауға Ресейдің ТЖМ бойынша 31 адамы мен 9 техника бірлігі жұмылдырылды. Өртке себепші адам анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.