Иркутскідегі колония өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иркутскідегі алтыншы нөмірлі түзету мекемесінде өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ Иркутск облысы бойынша Бас басқармасынан.

Түзету мекемесінің аумағында орналасқан аурухананың әйелдер бөлімінде Мәскеу уақытымен сағат 06:30 өрт шықты. Науқастар ғимараттан қауіпсіз жерге шығарылды.

ТЖМ хабарлағандай, сағат 06:57 өрт ауыздықталды. Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Өрттің шығу себбі әзірге белгісіз.