Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Ирландияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Филипп Макдона осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Брифингте Қ. Саудабевпен болған кездесуде саяси салада талқылаған ең маңызды мәселе - ЕҚЫҰ-ға қатысты болғандығын айтқан Елші: «Ирландия ЕҚЫҰ-ға 2012 жылы төрағалық жасайтын болады. Сондықтан, біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық жасауына айрықша мүдделіміз», деді. «Біз келешекте неғұрлым тығыз ынтымақтасқымыз келеді. Себебі әлем шын мәнінде соншалықты үлкен емес, ол тіпті тарылып келеді», деп тұжырды сөзін Елші.