Оның атап өтуінше, Ирландия 15 желтоқсан күні ЕО мен ХВҚ-ның дағдарысқа қарсы бағдарламасынан шығатын болады. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бұл ел барлық қаржылық проблемалардан арылды дегенді білдірмейді. «Бізді әлі де талай қиындықтар күтіп тұр, әлі де көптеген іс тындыруға тура келеді. Бірақ төтенше қаржылай көмек дәуірі аяқталады», - деді Э.Кенни.
Айта кетейік, 2010 жылы Ирландия ЕО мен ХВҚ-тан 85 млрд. еуро сомасында қаржылай көмек алған болатын.
2013 жылдың 2 тоқсанында Э.Кенни Ирландиядағы құлдырау тоқтағандығын мәлімдеп, экономикасының өсімі 0,4 пайызға жеткенін атап өтті. Алайда, ел билігі салықтарды арттыру әрі бюджет қаражатын үнемдеу бағытын сақтап отыр. Бұл шаралар 2014 жылы мемлекет бюджетіне шамамен 2,5 млрд. еуро кіріс әкелуі тиіс.