деп хабарлады РБК агенттігі. Бұл туралы Ирландия денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген
«Доңыз тұмауының» құрбаны елдің батысында тұратын жас әйел болып шықты. Бүгінде Ирландияның ауруханасында А/H1N1 тұмауына ұшыраған 18 адам жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тамыздың 5-індегі мәліметі бойынша, А/H1N1 тұмауы індетіне әлемде 162 мың 380 адам ұшыраған, оның 1 мың 154-і көз жұмған.
Ресей тұтынуды қадағалау мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, Мәскеуде «доңыз тұмауымен» 34 адам ауырды, оның үштен бірі - 3-тен 17-ге дейінгі жастағылар.
Ресейде тұмаудың бұл түріне ұшырағандардың көбі Ұлыбританияда демалған. Тұмаудың жаңа штаммы белгілері бар сырқаттардың бәрі ауруханаларға жатқызылды.