Корк қаласының университетіндегі госпиталь қызметкерлері 1 науқастың H1N1 тұмау вирусын жұқтырғаны расталғанын және тағы бірнеше адамнан осыған ұқсас белгілер байқалғанын хабарлады. Бүгінде аурухана бөлімдерінің біріне карантин енгізіліп, емханада адамдарды қабылдауға шектеу қойылды, деп жазды ИТАР-ТАСС.
Дәрігерлер күдікті белгілердің 7 науқастан анықталғанын айтады. Олардың барлығы 1 бөлмеге орналастырылған. Жақын арада зертханадан олардың сараптама нәтижелері жеткізіледі. А/H1N1 вирус 2009 жылы наурыз айының соңында Мексика, АҚШ және Канадада анықталған. сол жылдың сәуір айында ДДСҰ доңыз тұмауының індеті туралы хабарлап, тұрғындарға жаппай вакцинация егуге шешім қабылдаған. 2010 жылдың тамызында пандемияның аяқталғаны жөнінде мәлім етілген. Індетке 168 елдің 220 мың тұрғыны шалдықты. ДДСҰ деректері бойынша, әлемде доңыз тұмауын жұқтырған 18,5 мыңға жуық адам көз жұмған.