Ирландияда достар Euromillionsта ұтып алған 66 млн еуроны өзара бөліспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландияда достар ірі еуропалық лотереяда ұтып алған 66 млн еуроны бөлісетін болды.

Irish Mirror газеті хабарлағандай, Дублинде сыйлық алған жеңімпаздар өз есімдерін жариялағысы келмеді. Достардың саны да айтылмады, тек олардың бірі ұтыс билетін 27 қаңтарда сатып алғаны белгілі.

Өзара ынтымақты ұжым 132 миллион еуро көлеміндегі джекпотты Франция тұрғынымен бөлісті.

EuroMillions лотереясы тоғыз еуропалық елде: Франция, Ұлыбритания, Испания, Люксембург, Бельгия, Швейцария, Португалия, Ирландия және Австрияда өтеді.