Ирландияда мерзімінен бұрын жалпыхалықтық сайлау өтеді

Фото: Фото: instagram.com/tourismireland

АСТАНА. KAZINFORM – Ирландияда мерзімінен бұрын жалпыхалықтық сайлау өтеді, оның қорытындысы бойынша Өкілдер палатасының (парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамы сайланады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Барлығы 174 парламенттік орын бар. Бұл 2020 жылғы 30 қарашадағы алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 14 орынға көп. Өз кезегінде бұл республика халқының өсімін көрсетіп отыр.

2023 жылы елде 5,26 млн халық болды. Сайлау округтерінің саны да 39-дан 43-ке дейін көбейтілді. Олардың әрқайсысында парламентте үштен беске дейін өкіл болуы тиіс. Парламенттің төменгі палатасындағы орындарға барлығы 685 кандидат таласып отыр.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дауыстың жартысынан көбін алған саяси партия үкімет құру құқығына ие болады. Алайда, бұл Ирландияның саяси тарихында 1977 жылдан бері болған емес.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абхазияда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2025 жылдың 15 ақпанына белгіленді.