Ирландияда президент сайлауы өтуде

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Ирландияда сайлау учаскелері ашылып, халық осымен елдің тоғызыншы президенттерін сайлайтын болады, деп хабарлады bnews.kz сайты.

Ирландия - парламенттік республика, сондықтан мемлекет басшысы қызметінің рөлі соншалықты жоғары емес, елдің негізгі атқарушылық билігі премьер-министрдің қолында. Соған қарамастан, ирландиялық президент конституцияның кепілі ретінде үкімет немесе парламент әзірлеген кез келген заң жобасын, егер оны заңға қайшы деп табатын болса, қабылдамай тастау құқығына ие. Сонымен қатар тек президент қана парламентті таратып жіберу туралы шешім қабылдай алады және Қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Оған қоса президент отставкаға кеткен, қайтыс болған немесе қызметінен босатылған жағдайда жаңа басшы сайланғанша мемлекет басшысы міндетін құрамына Ирландияның бас судьясы, өкілдер палатасының спикері мен сенат төрағасы кіретін Президенттік кеңес атқарады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.