Ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Фото: Нұрғали Жұмағазы

АСТАНА. KAZINFORM — Ирландиялық боксшы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. 

Өзін орта салмақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан жұлдыз деп атайтын 26 жастағы ирландиялық спортшы аталған ұсынысын қазақстандыққа әлеуметтік желіде жеткізді.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлының WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бар. Ал ирландиялық боксшы орта салмақтағы WBO рейтингінде 13-орында тұрса, IBF рейтингінде 7-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады