Ал олар жолыққан кезде, тіпті екеуінің бір анадан туғандай ұқсас екендігі анықталды. Сөйтіп, 21 жастағы Лонерган мен кәмелетке тола қоймаған Нордстрём табиғаттың мұндай құпия жұмбағына таң-тамаша қалысты. Шэннонның айтуынша, олардың мұрындары, еріндері мен көздерінің қаншалықты ұқсас екендігін сипаттап айтуға сөзі жетпейді, деп жазады 24.kz.
«Сара екеуіміздің, тіпті көзқарасымыз бен жүріс-тұрысымызға дейін бірдей», - дейді ол. Тек олардың мінез-қылықтарында аздап айырмашылықтың бары анықталыпты.