Американың дауылдарды бақылау ұлттық орталығының деректері бойынша, «Ирманың» ошағындағы желдің жылдамдығы 96,1 метр/секундқа жетті. Дауыл Флориданың ішкі аумағына секундына 5,8 метр жылдамдықпен кетіп барады.
Алғашқы соққыны 80 мыңнан астам тұрғыны бар Флорида-Кис архипелагы алды.
Reuters агенттігінің мәліметтері бойынша, онда болған жол-көлік апатынан ер азамат қайтыс болды. Ол ресми түрде «Ирма» дауылының алғашқы құрбаны болып жариялануы мүмкін.
Бұған қоса осы кезде 650 шаруашылық нысаны электр қуатынсыз қалды.