Бүгін Астанада «Халықтық ІРО»: нәтижелері мен келешегі» бағдарламасының бірінші кезеңі» атты дөңгелек үстелде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев осылай мәлім етті. Еске салсақ, «Халықтық ІРО» жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоғамдық комиссиясы ұйымдастырған шараның мақсаты бағдарламаның 1-кезеңінің қорытындысын шығарып, одан әрі жүзеге асыруда ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
«ҚазТрансойл» акциялары саудасының бастапқы кезеңінен бері осы акциялар бағасына оң динамика қалыптасып та отыр. Мәселен, қазіргі күні «ҚазТрансойл» акциясының орташа бағасы 10-14 пайызға өсті және нарықта 800-830 теңгемен саудаланып жатыр», - деді Қ. Бишімбаев. Сонымен қатар, төраға орынбасары компания өзінің жаңа акционерлеріне 2012 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл мақсатқа «ҚазТрансойл» компаниясы өзінің таза табыстарының ең кемі 40 пайызын жұмсайтын болады. «Жалпы «ҚазТрансойл» тәжірибесі «Халықтық ІРО-ның» Үкімет атқарып отырған кең ауқымды акциясы ғана емес, біздің азаматтарымыз үшін ұлттық компаниялардың иегерлері атанып, экономикаға өз инвестициясы арқылы табыс табуға нақты мүмкіндік екенін де көрсетті. Біз үшін бұндай бірінші қадам белгілі бір жағдайда тәуекелге толы болған еді. Өйткені, біз азаматтардың сенімін толық бағалау мүмкіндігіне ие болмадық. Оның үстіне бұған басында-ақ күмән келтіргендер де кездесті. Алайда, азаматтардың «Халықтық ІРО-ға» оң көзқарасы қалыптасқанын байқап отырмыз», - деді Қ. Бишімбаев.