"Ақпараттық технология саласындағы жаңалықтар үлкен жылдамдықпен жүріп жатыр. Біз оны дер кезінде байқап, қажетті тұжырымдамалар жасай алсақ қана ұтамыз. Қазір дүниежүзі интернеттің IРv6 хаттамасына дайындық жасап жатыр", - дейді Қазақстанның Ғылым-білім компьютерлік желілерін қолданушылар қауымдастығының (KazRENA) Бас директоры Борис Жапаров.
Оның айтуынша, сол себепті олар Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетпен бірлесіп 3 күндік арнайы тренинг өткізуде. Ол елімізде интернеттің IРv6 хаттамасына көшу мәселесін көтеруге түрткі болады деп үміттеніп отыр. Оған жоғары оқу орындары мен "Қазақтелеком" АҚ-ның қызметкерлері шақырылған. Онда бүкіләлемдік ғаламторды құрушылардың бірі саналатын, Лондонның университеттік колледжінің профессоры Питер Кирштайн және Янос Мохоши, Пирс О Ханлон сияқты халықаралық сарапшылар дәріс жүргізбек. Оны тыңдаушылар кейін жаттықтырушы ретінде бұл жерде алған білімін өзгелерге үйретеді деп жоспарлануда.
16:08, 20 Шілде 2011
"IРv6 хаттамасына көшу" тренингі қоғамға қозғау салады деп ойлаймыз - Борис Жапаров
АЛМАТЫ. 20 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дүниежүзі интернеттің IРv6 хаттамасына дайындық жасап жатыр. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "IРv6 хаттамасына көшу" тренингінде айтылды.