Украинаның Бровары қаласында өткен бокс кеші аясында оның қарсыласы босниялық Мирнеш Денадич (10-5, 4 КО) болды. Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі он раундтық жекпе-жекті Ақбербаев төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.
Осылайша, Иса кәсіпқой бокстағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді және өткен жылдың тамыз айында иеленген WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын сақтап қалды. Ол кезде қазақстандық спортшы ресейлік Юрий Барашьянды (28-10, 19 КО) нокаутқа түсірген болатын.
Ал босниялық Денадич үшін бұл спорттық мансабындағы алтыншы жеңіліс.