Иса Ақбербаев титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
01:27, 05 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев Сочиде (Ресей) өткен бокс кешінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ақбербаев алғашқы ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша Шығыс Азия чемпионы атағы үшін бәсекеде украиналық Юрий Барашьянмен кездесті. Айқас 10 раундқа есептелсе де, бокс екінші үш минутта аяқталды. Иса техникалық нокаутпен жеңіске жетті.