Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.
Ал Күзембек Станбайұлы Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.