«Әкімдік үшін 2017 жылы жүйелі қоғамдық көлік - басымдыққа ие мәселелердің бірі болады. Мен алдында уәде еткендей, қаңтарда осы саланы одан әрі дамыту бойынша, қоғамдық тыңдау өткіземіз»,-деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
«Алайда, айналада болып жатқан оқиғалар мен қала тұрғындарының көптеген өтініштері ең өзекті деген мәселелердің бірі коммуналдық қызметтермен байланысты екендігін көрсетті. Осыған байланысты алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің басшыларының, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен осы мәселені талқыға салмақпыз. Болашақта олар тұрғындардың алдында өздерінің міндеттемелерін тиміді атқарулары керек. Мұнда біраз мәселелер бар»,-деп жазды.