«Сіздерді 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» делінген құттықтау хатында.
Елорда әкімі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, экономикасы қуатты, еңселі ел атануы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты екенін, сондықтан бүгінгі күн жалпы халық болып атап өтетін мерекеге айналғанын атап өтті.
Әкім Тәуелсіздіктің 25 жылында Елбасымыз жүргізген салиқалы саясаттың арқасында елімізді мекендеген түрлі этностар өзара татулықта өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен тең дәрежеде әріптестік орнатып, ғаламдық маңызды бастамалардың ордасына айналды. Әлем жұрты елімізді көптеген игі істермен танып-білуде. Бұл жүйелі жоспар мен қажырлы еңбектің арқасы. Азаматтарымыздың бойында елдік сана, ертеңге деген сенім қалыптасты.
«Елбасымыз қазығын қағып, болашағын бағдарлаған арайлы Астанамыз да бүгінде әлемнің үздік шаһарларының бірі. Еліміз бен еңселі Елордамыздың алар асуы алда, болашағы жарқын деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілеймін!» делінген құттықтауда.