«Қазір өліара кезінде, бәрі де еріп жатқанда, барлық коммуналдық қызметтер мен барлық мердігерлер қаланы барынша таза ұстауы қажет», - деді әкім.
Әсет Исекешев аудан әкімдіктері мен өкілетті ведомстволардың жетекшілеріне бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, құрылыс нысандарының қоршауына, белгіленбеген орындардағы қоқыс төгуге, батпақты шығаруға, белгіленбеген жерде сауда орындары мен металл қабылдайтын бекеттерді ұйымдастыруға қатысты олқылықтарды жоюды тапсырды.
Сондай-ақ, кеңес барысында Әсет Исекешев «Астана - таза және қауіпсіз қала» айлығының басталғанын мәлімдеді.
Жалпықалалық сенбілікті елордада сәуір айының соңында өткізу жоспарлануда.