Исекешев балалармен бірге жаңажылдық мерекеге қатысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев пен оның орынбасары Ермек Аманшаев ҚР Президенті атынан жаңажылдық шыршадағы балалардың хормен жүру шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен бірге, Оқушылар сарайындағы «EXPO жаңажылдық оттарына» ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен вице-министр Эльмира Суханбердиева келді.



Ертегідей безендірілген шара 200 балаға арнап ұйымдастырылды, оның 28-і жетім, 79-ы ата-ана қаруынсыз қалғандар, 14 - мүмкіндігі шектеулі және 55 - аз қамтылған отбасынан шыққан, 24 - дарынды бала бар.



Мемрекеде ертегі кейіпкерлері бар жарқын шоу-қойылымды балалар би ансамблі қойды.



Костюмдер арасында классикалық ақшақар, патша мен патшайым, нояндармен бірге заманауи мультфильмдер мен комикстердің кейіпкерлері болды. Қазақтың ұлттық костюмдерін кигендер де аз болмады. Екі қыз рюкзак пен чемодан образында келді. Олар костюмді мектеп мұғалімдерінің дайындап бергенін айтты.







Басты кейіпкер Аяз Ата келгенше, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балаларды Жаңа жылдың келуімен құттықтады. «Біздің барша халқымыз - үлкен отбасы секілді. Жаңа жыл - ғажайыптар кезеңі, біз де, ересектер де ғажайыпқа сенеміз. Қажырлы еңбек, бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік кез келген арманды орындай алады», - деді Мемлекет басшысы бейнеүндеуде.



Жаңажылдық ертеңгілік аяқталған соң, әр қатысушы жаңажылдық тәттілер мен кітаптарды сыйға алды. Ұстаздардың айтуынша, сыйлықтарды астаналық білім беру басқармасы тарту еткен.