Әкімнің сөзіне қарағанда, Елбасының тапсырмасы бойынша, қаланың экологиясы мәселесі ерекше бақылауға алынды. Сәйкесінше, 2018-2020 жылдарға арналған үшжылдық кешенді жоспарды жүзеге асыру шаралар атқарылуда.
Жоспар төрт бөлімнен тұрады: атмосфералық ауа сапасын жақсарту, су ресурстарын реттеу, көгалдандыруды дамыту, сондай-ақ қалдықтарды басқару. Оның аясында 133 шара қамтылып отыр.
Белгілі болғандай, 2017 жылы қала аумағында 311 837 түп ағаш отырғызылды. Ал биыл 395 мың түп ағашты отырғызу жоспарланды.
«Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көмір, жанармай сапасын бақылау, көлікті экологияландыру, сондай-ақ қалдықтарды бөліп жинауды енгізу бойынша экологиялық заңнамаға бірқатар түзетулер қарастыру қажет. Тиісті ұсыныстарды министрлікпен пысықтап жатырмыз», - деді Исекешв.