Исекешев елордада Жаңа жыл түні қалай өткенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктегі парақшасында Жаңа жыл түні қалай өткендігін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Тағы да Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Мүмкіндікті пайдаланып, күні-түні қызмет атқарып жатқан қалалық қызметтердің қызметкерлерін жеке құттықтап, алғысымды білдіргім келеді. Бүгін таңертең барлық қызметтегі әріптестеріммен бірге аралап өтіп, есептерін тыңдадық. Жаппай қыдырулар болғанына қарамастан түн штаттық режімде өтті. Су, электр энергиясын тұтыну күрт артқаны байқалды. Қалалық барлық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеді, күрделі іркілестер болған жоқ. Түннен бастап  1,5 мыңнан астам адам мен 300-ден астам техника қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. Су, кәріз, жарық, жылу бойынша кезекші бригадалар штаттық режімде жұмыс істеуде. Полиция қызметіне де жүктеме ауыр. Бақытымызға орай жаңа жыл түнінде ауыр қылмыстар жасалған жоқ», - деп жазды елорда әкімі.