«Қазіргі кезде 117 екі қабатты үй бұзылды. Жыл соңына дейін 228-і сүріліп тасталады және тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру жолымен 6 700 пәтер салынады. Жинақталған тәжірибені, сондай-ақ бұл бағдарламаның биыл аяқталатынын ескере отырып, оны қалалық ортаны қайта жаңарту бағдарламасына екі бағыт бойынша масштабтауды ұсынамыз», - деді әкім Астананы дамытуға арналған кеңесте.
Бұл бағыттағы ұсыныстар мақұлданған жағдайда, бағдарламаға сәйкес, жеке тұрғын үйлер мен саяжайлар сүрілетін болады. Олардың орнына қазіргі заманғы жайлы үйлер салынады деп жоспарлануда.