«Ауа райы жағдайына байланысты қала тұрғындары мен меймандарына қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлап алуға, жол ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырамыз. Қауіпсіз жылдамдықпен жүрген абзал. Себебі қар жауып тұрғандықтан, көлік жүрісін тежейтін жол жиегі кеңеюі мүмкін», -дейді қала әкімі Фейсбук парақшасында.
Қазгидрометке сілтеме жасаған қала әкімінің сайтындахабарланғанындай, Астанада бұрқасын мен қардың жаууы алда 3 күнге созылады. 11 қаңтарға арналған болжам бойынша көшпелі бұлт жүріп, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.
Синоптиктердің болжауына қарағанда, 12 қаңтар күні бұрқасынның беті қайта бастайды. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрлік жел соғып, түнде ауа температурасы -11...-13 градусқа дейін төмендейді.