«Бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев, Алматы ауданының әкімі және тұрғын үй инспекциясының жетекшісі кеше лифтісі құлаған Эдем Палас кешенінің тұрғындарымен кездесті», - деп жазды осы кешеннің тұрғыны Ирина Костерева әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Тұрғын үйде мәселе тек лифтіде ғана емес, - дейді ол. - Қала басшылығы өзіміз сайлаған ПИК-ті тіркеуге көмектесуге, аумақты көгалдандыруға, балалар мен спорт алаңын орнатуға қолдау көрсетіледі деп сендірді. Сең қозғалды десек болады. Қала әкімшілігі берген уәделерін орындайды деген үміттеміз. Демалыс күнгі кездесуге алғыс айтамыз!».