«Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасының «Ашық және жариялы қоғам» бағытын жүзеге асыру мақсатында және елорда әкімдігінің жұмысын ашық ету үшін жұмыстар жүргізудеміз. Қаңтар айынан бастап, барлық қалалық қызмет түрлерінің «ашық есік» күндері өтіп жатыр, сондай-ақ барлық адан әкімдері есеп беруде. Ал, менің әкім ретіндегі есебім 16 ақпан күні өтеді»,-деп жазды Әсет Исекешев фейсбуктегі парақшасына.
«Жүйелі жұмыстар бойынша (КИК, тұрғын үй қорының жағдайы, қоғамдық көлік) қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша барлық ұсыныстар мен мәселелер қаралуда. Жақын арада мен осы міндет бойынша жұмыстардың қорытындысы туралы хабардар етемін. Ендігі кезекте денсаулық сақтау, экология, білім беру, экономика мен өзге де салалар тұр. Аталған бағдарламалардың барлығы қабылданып, тұрғындар мен сарапшылардың пікірлері негізінде түзетілетін болады. Қалалық қызметтер тәулік бойына қызмет көрсетуде және күн сайын комиссия мәжілістері мен жұмыс топтарының отырыстары, ағымдағы мәселелер бойынша мәжілістер өтіп жатыр. Апта бойына дамудың жүйелі мәселелері талқыланатын шаралар жүзеге асырылуда. Осы аптадан бастап, талқыланатын мәселелер туралы ақпараттар ашық болады. Сәрсенбі сайын әкімдіктің мәжілісі өтеді, әр сейсенбі қала құрылысы кеңесінің мәжілісі, жұма күні қаланы ЭКСПО көрмесіне дайындау штабының отырысы мен көптеген ірі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылатын жиындар өтеді»,-делінген.