Әкімнің айтуынша, қала қарқынды дамып жатыр. Тиісінше, қаланың қазіргі қуатын арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі туындап отыр, деп жазды Ә.Исекешев.
«Бүгінгі таңда «Мыңжылдық» аллеясы мен жаңа теміржол вокзалы аудандарын сумен жабдықтау бойынша Б. Момышұлы көшесі бойымен жаңа су құбыры жобасы аяқталды.
Бүгін түнгі сағат 00:00 мен таңғы сағат 07:00-ге дейін біз сол су құбырын жүйеге қосамыз. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, әдейі осы уақытты таңдадық. Осы уақыт аралығында осы аудандағы бірқатар əлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне су беру тоқтатылады. Əрине, барлық мекемелерге, өртке қарсы қызметке жəне басқа жедел əрекет ету қызметтеріне алдын ала айтылды. Сондықтан, осы қызметтердің жұмысына қажетті су қоры жеткілікті болады. Есіл ауданының қалған бөлігінде, соның ішінде Тұран жəне Қабанбай батыр даңғылдарында су қысымы төмендетіледі»,-деп жазды әкім.
Қала әкімнің жазуынша, бұл ақпаратқа қатысты Астана Су Арнасы толық мəлімет таратқан.