Исекешев тұрғын үй қаптамаларының құлау фактілерін хабарлап отыруды сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев желдің күшеюіне байланысты елордалықтарды абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті елорда тұрғындары! Желдің күшеюіне байланысты абай болуларыңызды сұраймыз. ПИК-терге үйлердің қасбеттерін тексеру және тұрғындарды уақытылы хабардар ету тапсырылды. Тұрғын үйлердің қаптамалары - керамогранит, алюкобонд, парапет және т.б. құлауын байқасаңыз, қызмет көрсетуші ұйымға немесе тіршілікті қамтамасыз ету бөлімдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп жазды қала басшысы.

Сонымен қатар Әсет Исекешев тұрғын үйлердің қаптамалары құлаған жағдайда мына нөмірлерге хабарласуды өтінген:

«Алматы» ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 36-34-07, 8-702-444-52-99.

 «Сарыарқа» ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 55-66-06, 8-778-781-49-89.

«Есіл» ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 57-45-59, 8-701-999-55-52.

Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы: 32-14-04.