Исекешевтің елордалықтармен жүздесуі «Астана» концерттік залы (бұрынғы «Конгресс-Холл», Кенесары, 32) ғимаратында өтеді.
«Іс-шара Астана қаласы әкімінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында онлайн-режімде көрсетіледі. Онымен қоса, халықтың барынша көп санын қамту үшін елордадағы екі ірі ЖОО-дан: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен (Мұңайтпасов көшесі,5) және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен (Жеңіс,62) тікелей қосылым ұйымдастырылады», - делінген әкімдік таратқан хабарламасында.