Шара онлайн-режимде Астана қаласы әкімдігінің Фейстбуктағы ресми аккаунттарында онлайн-режимде көрсетіледі. Сондай-ақ, барынша көп халықты қамту мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Қ. Мұңайтпасов к-сі, 5) және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (Жеңіс даңғ., 62) ғимараттарында тікелей қосылулар ұйымдастырылады.
«Сондай-ақ, 16 ақпанда «Астана» концерт залында «Белсенді азамат-2017» акциясының шеңберінде ашық есік күні өтеді, шара халықпен кері байланысты тиімді орнатуға бағытталады. Оның барысында ниет білдірген әр азамат өзін қызықтырған сауалын қойып, қалалық басқармалар мен қызметтердің басшыларынан тиянақты жауап ала алады», - деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.