«Шомылу маусымы басталғалы бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, 189 адамға қатысты хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Оның ішінде 28 адам тыйым салынған жерлерде шомылған. Ал, 161-і ішімдік ішіп, суға түскен. Жалпы, шомылу маусымы балталғалы бері елордалық құтқарушылар қаланың су айдындарында 6 адамды құтқарды. Олардың барлығы жабдықталмаған жерлерде суға шомылған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Сонымен қатар, Ратбек Демеуберген астанада суға кететіндердің көбі балалар екенін айтты. Оның дерегінше, қайғылы жағдайлардың 90 пайызында ата-аналар бүлдіршіндерін бақылаусыз қалдырады.