Ішімдік ішіп, төрт бірдей адамды өлтірген жас қылмыскерлер ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Шығыс Қазақстан облысының полицейлері төрт бірдей адамды өлтірген 18-22 жастағы қылмыскерлерді ұстады.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Олар ағымдағы жылдың қаңтар айының басында отбасы жұбын өлтіріп, мәйіттерін қоймаға жасырған. Тергеу барысында қандықол қылмыскерлердің жәбір көргендердің үйінде спирттік ішімдіктер ішіп, артынан орын алған жанжалдың нәтижесінде үй иесін пышақтап, оның жұбайын соққыға жыққандары анықталды. Ерлі-зайыптылар алған жарақаттардан қайтыс болды. Тергеу жалғасып, Риддер қаласының тумасы болып табылатын осы екі қылмыскердің қаланың 25 жастағы екі тұрғынын өлтіруге қатысы бар екендігі анықталды. Олардың мәйіттері өткен жылдың қараша айында табылған болатын. Полиция қызметкерлерінің деректері бойынша жәбірленушілер мен күдіктілер оқиға болған күні бірге спирттік ішімдіктер ішкен. «Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынып, олардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - дейді Қ.Жұманов.