Сақшылар істің мән-жайын анықтау үшін күдікті болып көрінген көлік құралын тоқтатады.
Көлік рөлінде мас күйде елорда қонағы болған. Белсенді қарсылық көрсетпеген Қостанай облысының бұрын сотталған 27 жастағы тұрғыны таныстарымен үй ауласында спирт ішімдігін ішкендігін айтты. Ішімдік біткеннен соң бөтелкелестер өз үйлеріне тарасқан. Сақшылар ұстаған жігіттің үйге барғысы келмеген. Жан-жағына қараған ол түнде тұрақта тұрған көршісінің көлігін көреді.
Кешті әрі қарай қалада көлікпен серуендеуді таңдаған елорда қонағы көліктің артқы терезесін сындыру арқылы көлік салонына кірген. Үй ауласынан ешкімге көрінбей қозғалтқышты қыздырып жүріп кетеді. Ол айдап әкеткен көлікте қала көшелерінде серуендеу көпке ұзамады. «Барыс» жедел-іздестіру тобының қызметкерлері қырағылық танытып, оқиға әуескерін қолға түсірген. Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 185-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.