Ішімдікке сылқия тойған Президент оққағарлары үйіне қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құпия қызметтің 3 агенті тәртіп бұзғаны үшін Нидерландыдан Америкаға қайтарылды, деп хабарлады ВВС.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, агенттердің бірі ішімдікке сылқия тойып, Амстердамдағы қонақ үйлердің бірінде есінен танып қалған. Ал қалған екі агент тәртіптің бұзылуына жол бергендігі үшін әкімшілік еңбек демалысына жіберілді.

Айта кетейік, Б.Обама Амстердамға дүйсенбі күні Ядролық қауіпсіздік саммитіне және «Үлкен сегіздік» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін келген болатын.