Ішінде 40 жолаушысы бар, жағар майы қатып қалған автобус далада тұрып қалды

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 73-ші шақырымында бүгін түнде дизельдік отынының қатып қалуы салдарынан ішінде 40 адамы бар «Астана-Шымкент» бағытымен келе жатқан «Мерседес» жолаушылар автобусы тұрып қалды.

ҚР ТЖМ-нен хабарлағандай, Балқаш қалалық ТЖБ-ның күшімен жолаушылар жол-жөнекей көлікпен Балқаш қаласына жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.

Павлодар облысында таңертең Семей-Павлодар тас жолының 37-ші шақырымында ішінде 25 жолаушысы отырған «Неоплан» автобусы жарға ауып кетті. Барлық жолаушылар жол-жөнекей автобусқа отырғызылды. Автобус ТЖБ мен «Рассвет» ШҚ-ның күшімен шығарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.